Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2018 19:00 Stan.kz
Ол үшін өнер – бірінші орында.

Жуырда алматылық тыңдарманымен қауышқан Нұрболат Абдуллин үшін бұл концерттің орны бөлек! Әр іске жауапкершілікпен қарайтын Нұрболат тіпті, тәуекелге бел буып, концерт өткізу үшін үш бөлмелі пәтерінен бас тартыпты. Әнші “Жұлдыз” арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына сұхбат беріп, болған оқиғаны баяндады, деп жазады Stan.kz.

Танылғанына көп бола қоймаған әнші бұл кеште өзін жан-жақты қырынан көрсетуге тырысқан.

“Шын мәнісінде Алматы қаласының ортасынан өзіме үш бөлмелі жеке пәтер алайын деп тұрған жерімнен бас тартып, ол қаражатты алғашқы үлкен концертіме құйдым. Құрбан деуге де болмайды, ол – тәуекел. Мен өзімді қазақтың өнері үшін жаратылған адаммын деп есептеймін. Сондықтан пәтер де, көлік те ешқайда қашпас. Бірақ дер кезінде әннің буы басылып қалуы мүмкін. Сондықтан да қазір тай-тұяғымыз қызып тұрған кезімізде халыққа мүмкіншілігімді, соның ішінде жанды дауыста біршама әнге дейін, стильге дейін, жанрға дейін көрсеткім келді”, – деді ол журналист Марал Сатқанғалиеваға берген сұхбатында.

Ағынан жарылған әнші бұл сөзінен кейін елдің шулап кететінін біледі. Алайда ештеңеге қарамастан, мүліктен бас тартқанына өкінбейді. Себебі ол үшін өнер – бірінші орында.

“Мысалы, кей тыңдармандар менің домбыра тартатынымды білмейді. Көбісі академиялық тұрғыда ән айтатынымды білмейді. Сол жағынан осы концертте бір шолып өттім. Бұл мен үшін үлкен мүмкіншілік болды. Өзіме жасаған сыйым деп ойлаймын. Әуелі Алланың арқасында. Бұл сұхбаттан кейін біраз дүние болуы мүмкін. Бірақ енді айтылуы керек дүние болған соң айтып жатырмын. Мен оған ешқандай қысылмаймын, намыстанбаймын. Себебі ол өзім үшін жұмсалған, осы өнерімнің айналымымен келген қаражат болғаннан кейін, керісінше рахаттанамын”, – дейді Нұрболат.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: