Қазақстан БҰҰ Киберқауіпсіздік жаһандық индексінде бірден тоғыз сатыға көтерілді

Мосправда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 18:17 Мосправда
ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-ші орында, бірінші орында – Ресей Федерациясы.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша 9 сатыға көтеріліп, 31 орынға орналасты (бұған дейін - 40 орында болған), деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) 29 маусымда өткен конференциясында Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы 4-ші басылым есебінде жарияланды, деп хабарлайды ҚР ИДИАӨМ баспасөз қызметі.

ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-ші орында, бірінші орында – Ресей Федерациясы.

Рейтинг жасау кезінде мемлекеттің заңнамалық базасы, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытуға бағытталған әлеуеті негізге алынады.

Еліміздің "Қазақстан киберқалқаны" және "Цифрлық Қазақстан" сияқты стратегиялық бағдарламаларында ХЭБО-ның киберқауіпсіздік жаһандық индексі ақпараттық қауіпсіздік бойынша басты индикатор болып есептеледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ХЭБО ұжымына өзара тиімді серіктестік және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: