Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 6-сынып оқушысы үш жасар баланың өмірін құтқарып қалды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2018 22:22 Sputniknews.kz
Нұрдәулет Айболатов еш ойланбастан суға секіріп, 3 жасар ұлды жағаға алып шыққан.

Батыс Қазақстан облысында 6-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов суға батып бара жатқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 5 мамыр күні БҚО Қазталов ауданы Қошанкөл ауылында болды.

Қазталов ауданы әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, 6 сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов су қоймасына батып бара жатқан 3 жасар ұлдың өмірін құтқарып қалған.

"Нұрдәулеттің әкесі Асқар Әткешевтің "Нұрдәулет" шаруа қожалығы бар. Сол күні қожалық иесінің 2 бас малы жайылымнан қайтпай, әкесі ұлын оларды тауып әкелуге жіберген. Нұрдәулет үйінің маңындағы су қоймасының жанынан өтіп бара жатқанда, судан баланың аяғы шығып тұрғанын көреді. Ол еш ойланбастан суға секіріп, 3 жасар Аршатты жағаға алып шыққан", — деп баяндап берді Дүйсенғалиев.

Нұрдәулет ес-түссіз жатқан бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіп, кейін ересектерді шақырған.

"Алғашқы көмекті кімнен үйренгенін сұрағанымызда, ол мектепте суға кеткен адамға қалай көмек көрсету керектігі туралы суреттермен безендірілген плакаттар ілулі екенін айтты", — дейді Дүйсенғалиев.

Белгілі болғандай, 3 жасар Аршат Нұрдәулетпен көрші тұрады екен. Сол күні ата-анасы кіші ұлдарын үлкен балаларымен бірге көшеге ойнауға шығарған. Алайда үлкендер інісіне бас-көз бола алмаған.

Дүйсенғалиевтің айтуынша, жас қаһарман Нұрдәулет Айболатов сабағын жақсы оқиды, бос уақытында күреспен шұғылданады. Оның үстіне салт атқа мінгенді жақсы көреді, әкесіне көмектеседі.

"Жақын арада аудан басшылығы жас батырды міндетті түрде грамота және сыйлықтармен марапаттайды", — деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: