Жаңалықтар тізбегі
0

Бауыржан Байбек көлік тұрағына айналған тротуарды қалпына келтіруді талап етті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2018 22:51 ҚазАқпарат
Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың бірқатар көшелерін аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды. Оның айтуынша, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.

«Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолданылсын. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқару керек» - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Ш.Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз құрылыстардың барлығы алынады.

Айта кетерлігі, бұрын Ш.Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді.

Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа су бұрқақарын салу жоспарланған.

Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, К.Бәйсейітова, М.Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: