Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тобыл өзенінен 4 тонна қоқыс шығарылды

Қостанайдағы көктемгі тазалық шаралары барысында Тобыл өзенін қоқыстардан тазарту жұмыстары қолға алынды.

Сурет : www.inform.kz22 Мамыр 2018, 17:13

Тобыл өзенін абаттандыру жұмыстары Садовое ауылында жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайдағы көктемгі тазалық шаралары барысында Тобыл өзенін қоқыстардан тазарту жұмыстары қолға алынды. Бүгін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ұйымдастыруымен Қостанай ауданына қарасты Садовое ауылының аумағында да тазалық жұмыстары өтті.

Тиісті мекеме қызметкерлері өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Маржан Дандубаеваның сөзінше, адамдар балық аулайтын құралдарын, жеке жабдықтарын өзен жағасында қалдырып кеткен. Соның кесірінен өзен көбірек ластануда.

«Садовое ауылы маңынан Тобыл өзені ағып жатыр. Жаз айларында қостанайлықтардың жиі келіп демалатын орны болғандықтан, өзеннің осы тұсы былғанып кеткен. «Таза су айдындары» акциясы аясында өзен бойы мен жағалауда қыруар шаруа атқарылып, төрт тоннаға жуық қоқыс шығарылды және балық аулауға арналған 25 тор судан алынды. Демалушылар қоршаған ортаға бейжай қарайды. Жақын жерде тұратындар ауласынан шыққан қоқысты да осында әкеліп төгеді», - дейді маман.

Еске салсақ, биыл Тобыл өзенінің Қостанай шекарасындағы бөлігін тазарту жұмыстары аяқталады.

Қостанай облыстық Табиғат қорлары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы орынбасары Самат Қалиевтің айтуынша, Тобыл өзені арнасын абаттандыру жұмыстары 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер