Есіл өзенінің жағалауын тазалау кезінде шамамен 30 тонна қоқыс шығарылды
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзені, Ақбұлақ және Сарыбұлақ су айдындарын санитарлық тазарту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақбұлақ бұлағында «Толқын» спорт кешенінен бастап Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі, Сарыбұлақ бұлағында теміржол ауданынан бастап Есіл өзеніне құятын жеріне дейінгі, Есіл өзенінде Қабанбай батыр даңғылынан «Жасыл Аралға» дейінгі учаскелерінде 9 мың шаршы метрге жуық алаңдағы су айдынына санитариялық тазарту жүргізілді.
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Есіл өзенінің жағалауы мен оның Ақбұлақ және Сарыбұлақ салалары қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, 30 тоннаға жуық қоқыс жиналып, астаналық полигонға шығарылды.
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл жұмыс күн сайын жүргізіледі.
Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript