Есіл өзенінің түбін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Есіл өзені түбін тазалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 19:22 Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінде сүңгуірлік жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жұмыстар өзен түбінің қазіргі жай-күйін тексеру, әртүрлі қоқыстардан тазарту, Есіл өзенінде түбін тазарту және жағалауды нығайту жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін су түбінде тұнба шөгінділерінің деңгейін және өзен тереңдігін айқындау үшін жүргізіледі.

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сүңгуірлер Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жасыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді.

Есіл өзені акваториясының түбін сүңгуірлік тексеру 88 900 м2 алаңда жүргізілді және түрлі қоқыстардан тазартылып, 889 нүктеде су түбі/тұнба шөгінділерінің деңгейі анықталды.

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөңгелектері, сол сияқты өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды.

Осыған байланысты қала тұрғындары қоршаған ортаға асқан жауапкершілікпен қарауы қажет.

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: