Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

today.kz today.kz
Нәресте бүгін таңертең бақилық болған.

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің сөзінше, нәресте бүгін таңертең бақилық болған.

«Нәрестенің денесіне суық өтіп кеткен. Жансақтау бөлімінде жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қалуға барын салды. Оқиғаның осылай аяқталғаны өкінішті», - деді аурухананың бас дәрігері.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға кеше облыс орталығында болған.

Оны қоқыс жәшігінен полицейлер алып шыққан. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз