Дәрігерлер Оралда қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайын айтты
Сурет: pixabay
Күні кеше Оралда қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туған нәресте табылды деген жаға ұстарлық хабар тарады. 25 сәуірде Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Zakon.kz тілшісіне оның қазіргі жағдайын айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы интоксикация (улану), гипотермия (суық тию) және гипогликемия (қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуі) белгілеріне байланысты орташа ауырлықта. Ол облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр.
"Бүгінгі күні салмағы 2990 грамм, бойы 52 см. Мидың КТ-сы бойынша гипоксия белгілері бар. Бұл жүктілік немесе босану кезінде балаға оттегі жеткіліксіз болғанын білдіреді. Кардиолог жүрегін УДЗ-ға түсіргенде 0,2 см ашық сопақ терезе диагнозын қойды. Ішкі мүшелердің УДЗ-ы бауыр паренхимасының орташа өзгерісі бар екенін көрсетті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Дәрігерлер айтуынша, нәресте ауруханаға жеткізілгенге дейін 7-8 сағат бұрын дүниеге келген.
20 сәуір күні сағат 18:15-те Бакинская көшесіндегі тұрғын үйдің бір подъезінің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған ұл баланың мәйіті табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript