Жаңалықтар тізбегі
0

Жастар ғаламторсыз өмірді елестете алмайды – Назарбаева

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2018 18:00 zakon.kz
Бірінші Еуразиялық медиа-форумнан 16 жыл өтті.

Осы уақыт ішінде өмірдің барлық салалары үлкен өзгеріске ұшырады, соның ішінде жаңа «цифрлы» буын пайда болды. Бұл туралы Дариға Назарбаева форум барысында айтты деп жазады Zakon.kz.

Біз 2002 жылы алғаш рет Алматы төрінде бас қосқанда, бүгінгідей iPhone, iPad, Facebook, Instagram және Whatsapp болған жоқ. Бүгінде мұның бәрі біздің күнделікті қолданыстағы ажырамас құралына айналды. Мәселен, «пейджер» сөзін қазір мүлдем қолданбаймыз, ал дискілік телефонды тек ескі кинотуындылардан байқаймыз. Теледидардың өзі заман талабына сай жіңішке әрі сапалы жасалған. Ал ноутбуктардың алуан түрі тіптен көз қызықтырады. Қолымыздағы смартфондар қалталарымызға сыйып кететін нағыз компьютер деп атасақ болады. Бүгін барлығы қол жетімді. Ғаламторды ашсаң болғаны, бүкіл ақпарат алдында. Біз бала кезімізде қуыршақ ойнасақ, бүгінгі жастар девайстарды ұршықша иіреді, - деді Дариға Назарбаева.

Назарбаеваның ойынша бүгін әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат таратуы мен тұтынуы да өзгерді. Бірақ ең бастысы, жаңа буын пайда болды, олар медианарықта өздерін еркін сезінеді.

Жаңа гаджеттерге бізбен сіз ғана таңқалатын шығармыз. Тіпті жаңа ғаламторлық бағдарлама телеарнаға жарар ма, әлде кері әсерін берелді ме деп ұзақ пікірталасқа түсеміз. Ал 10, 15, 20 жасар балалар мұнымен туғанынан таныс, тіпті өмірлерін аталған құралдарсыз елестете алмайды, - деді Назарбаева.

Тақырыпқа қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: