Дариға Назарбаева "Дохий дебаттары" телебағдарламасының директорымен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Аталлах Еуразиялық медиа форумда 23 мамыр күні "Масс-медианың сандық ақиқаты: біз сын-қатерді қабылдаймыз ма?" тақырыбы бойынша отырыста сөз сөйледі.
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Амджад Аталлахпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Сенат басшысының "Дохий дебаттары" телебағдарламасының басқарушы директоры Амджад Аталлахпен кездесуі барысында өзара іс-қимылдың келешегі зор жобалары, атап айтқанда Еуразиялық медиа форумның телебағдарламамен ынтымақтастығы талқыланды, - делінген хабарламада.
Бағдарламаның мақсаты – көпжақты пікірсайыстар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһандық проблемалардың бірлескен шешімдерін іздестіру болып табылады. Бұл Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша еркін және ашық пікірлесу қалыптастыруға бағытталған ЕАМФ миссиясымен үндес келеді.
А. Аталлах Еуразиялық медиа форумда 23 мамыр күні "Масс-медианың сандық ақиқаты: біз сын-қатерді қабылдаймыз ма?" тақырыбы бойынша отырыста сөз сөйледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript