Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Синоптиктер: Астанада үсік жүреді

24-26 мамырға арналған ауа-райы болжамы.

Сурет : Sputniknews.kz23 Мамыр 2018, 17:20

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның солтүстік облыстарында жауын-шашынға себеп болған суық арктикалық фронттар шығыс бағытта жылжып келеді. Алдағы күндері еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Өзге өңірлерге Еділ бойынан келетін антициклон ықпал етеді. Бірақ әсері ұзаққа созылмайды, себебі Баренц теңізінде кезекті арктикалық фронттар қалыптасуда, бұл фронттар 25 мамырда күндіз солтүстік облыстарға жетіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жылжи бастайды. Осыған байланысты оңтүстікте, ал 25-26 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның қалған аумағында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер