Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада «Жұлдызды көкпар» өтеді

www.brookpoem.co.uk, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 20:48 www.brookpoem.co.uk
Әзірге сайыстардың нақты қашан өтетіні белгісіз.

Бұл туралы Аударыспақтан ІІІ және Теңге ілуден ІI Азия чемпионатын ұйымдастыру жөніндегі баспасөз мәслихаты кезінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Аталған екі Чемпионат биылғы ұлттық спорттың маусымашар шаралары. Алда бізді – Ат үстінде садақ атудан Әлем Чемпионаты, «Жұлдызды көкпар», «Жұлдызды асық» деген жобаларымыз және жыл сайын өтетін «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі күтіп тұр. Бұл жобаларға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіріп отыр, «Самұрық Қазына» әл ауқат қоры мен «Samruk Kazyna Trust» қоры көмектесеміз деп отыр» - дейді Бекболат Тілеухан.

Әзірге сайыстардың нақты қашан өтетіні белгісіз. Дегенмен астаналықтарды ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырып отырған «Астананың 20 жылдығына 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясы арқылы көптеген қызықты шаралар күтіп тұрғаны анық.

"Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық код туралы айтқан еді. Біз ұлттық спорттар мен ойындарды дамытуды – ұлттық кодымызды сақтаудың бірегей жолы ретінде көреміз. "Жұлдызды көкпар", "Жұлдызды асық" қатарлы жобаларға елімізге танымал, ат құлағында ойнайтын өнер иелері мен сала мамандары қатыса алатын болады. Спорттың өзі шоу деп қарасақ, ұлттық спортымызды насихаттаудың бір жолы осы ғой деп ойлаймыз" - дейді Бекболат Тілеухан.

Ержан Жаубай

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: