Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2018 23:52 Sputniknews.kz
Қазір отандасымыз аппеляциялық сот күтіп отыр, соттың нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз.

ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров шет елдерде түрмеде отырған қазақстандықтардың ісі не болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақжарқын Тұрлыбай аппеляциялық сотты күтіп отыр. Соттың нақты қай күні өтетіні әлі күнге дейін белгісіз. Біз адвокаттармен үнемі байланыстамыз. Консулдарымыз түрмеге барып, отандасымыздың хәлін біліп тұрады. Оның түрмедегі жағдайы мен тергеудің жүргізілуіне қатысты ешқандай шағымы жоқ", — деген Смадияров қандай да бір ақпарат түссе, міндетті түрде хабардар ететінін айтты.

Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомствоның өкілі тамыз айында Нью-Йоркте ұсталған үш қазақстандықтың ісіне де тоқталды.

"Мен бұған дейін хабарлағандай, кезекті сот қазан айына белгіленген. Нақты датасы әзірге белгісіз. Бүгінгі таңда үш қазақстандықтың екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Біреуі қамауда отыр", — деді ол.

Айта кетсек, тамыз айының басында АҚШ-та Қазақстанның үш азаматы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған еді. Олар: Азиза Джавадзаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған; Диора Аширова, 1991 жылы туған және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған.

Отандастарымыздың интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқтыққа қатысы болуы мүмкін. Шығынның жалпы көлемі — 4,5 миллион доллар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: