Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе

Ютуб, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 21:59 Ютуб
Біздің тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр.

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Ахметжановтың айтуынша, қазір отандасымыз Қытай сотының үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Осы процесс аяқталған соң бас прокуратура өкілдері отандасымызды елге қайтарып алу мәселесімен айналысады. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы келісім бар. Соның негізінде Ақжарқын Тұрлыбайды елге алдыруға мүмкін болады. Егер елге қайтып, рақымшылық науқаны өткізілсе, істі болған қазақ қызына кешірілім берілуі әбден мүмкін. Біздің тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Біз ресми түрде Қытай мемлекетіне ондай арыз-шағым түсіп жатқан кезде егер ол кісілер жазасын Қазақстанда өтейміз десе, сұрау жібереміз. Біздің шарттар бойынша егер Қазақстанда рақымшылық болса, әрбір келісімде әр түрлі жазылған (қандай мемлекетпен қалай келісеміз), ондай мүмкіндіктер бар толық.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: