Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қызылордада Абай Құнанбаев мектеп бітірді

Бүгін Қызылорда облысында 7 113 жас түлек мектеп бітірді.

Сурет : baribar.kz25 Мамыр 2018, 16:52

Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Бесарық ауылында тұратын Абай Құнанбаев кенттегі №147 мектепті бітірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақтың ұлы ақынымен есімі де, тегі де бірдей жас өрен қашанда сол ардақты атқа кір келтірмеуге тырысады. Әрдайым өзін қырларымен танытуға күш салады. Оның атасы Құнанбай немересі дүниеге келгенде ойланбастан Абай есімін қойған.

«Абай атамыздың халқымыз үшін өте қадірлі екенін жақсы білемін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Үйдегі үлкендер ол жайында жиі айтып отырады. Менің есімім мен тегімді алғаш естігендер таңғалыс білдіреді. Қайталап сұрайтындары да кездеседі. Сол сенімді ақтауға күш саламын», - дейді жас түлек.

Абай алдына үлкен мақсат қойып отыр. Өзі энергетика саласында қызмет еткісі келеді. Жалпы, бұл мамандық иелері ауылдық жерлерде сирек кездеседі. Сондықтан Абай келешекте туған ауылына қызмет еткісі келеді.

Сыр өңірінде қазақтың атақты азаматтарымен есімі де, тегі де бір азаматтар көптеп кездеседі. Олардың қатарында Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Бибігүл Төлегенова, Мұқағали Мақатаев, Рақымжан Қошқарбаев, Мұхтар Шаханов, Мәдина Ерәлиева, Мейрамбек Беспаев сынды жастар көп.

Бүгін Қызылорда облысында 7 113 жас түлек мектеп бітірді. Олардың 4 821-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысуға ниет білдіріп отыр. Түлектердің арасында 343-і «Алтын белгіге» үміткер бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер