СҚО-да 34 жастағы сотталған әйел «мектеп» бітірді
Ведомствоның мәлімдеуінше, биыл «сырттай кеңес беру пунктін» (мектепті) 17 сотталған аяқтады.
Мекемеге келмес бұрын менде 8 сыныптық орта білім болды. Мекемеде маған мектепті бітіру мүмкіндігі берілді. Бүгін мен мектеп бітіріп жатырмын. Колледжге түсуді жоспарлап отырмын, шаштараз-визажист мамандығын оқимын. Мені анам, күйеуім, ұлым, 84 жастағы әжем бостандықта күтіп жүр. 34 жаста соңғы рет соғылған қоңырау сылдырын есту деген керемет. Сотталған Наталья
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесі бастығының айтуынша, биылғы оқу жылында жалпы орта білімі жоқ барлық сотталғандар оқытылған. Барлығы 77 сотталған облыс мекемелеріндегі мектепте оқыған.
Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Мекемеге жазасын өтеуге келген сотталғандар, егер оларда орта білімі болмаса, 35 жасқа дейін ҚР ҚАК 127-бабына сәйкес мектепті бітіруге міндетті, 35 жастан кейін сотталғанның қалауы бойынша мектепті тәмамдауына болады. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесі бастығы, әділет подполковнигі Қанат Сүлейменов
Оның айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарындағы оқу жоспарының бағдарламасы отандық білім беру жүйесінен еш айырмашылығы жоқ, мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оларға аттестаттар беріледі. 9 және 11 сыныптардың аттестаттарын тапсыру 2022 жылғы маусым айының екінші жартысына жоспарланған.
Мектеп әкімшілігі мен директоры түлектерді орта мектепті бітіруімен құттықтады. Енді сотталғандар мемлекеттік емтихан тапсырады, содан кейін оларға жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестаттар беріледі.