Түрмеге есірткі алып кірмек болған сотталғанға елу мың теңгедей айыппұл салынды

СҚО, сотталған, есірткі, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 18:42 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/9 мекемесінде 44 жастағы К есімді сотталғаннан тексеру барысында есірткі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот-химиялық сараптамаға сәйкес, сотталған мекеме аумағына заңсыз кіргізбек болған сұйықтық жалпы салмағы 0,009 грамм болатын «экстракциялық апиын» есірткісі болып шықты.

ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотталған К қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

СҚО Қызылжар аудандық соты оған 15 АЕК көлемінде (45945 теңге) айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: