Маңғыстау облысында тергеудегі азаматқа телефон өткізбек болған күдікті анықталды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жедел ақпарат негізінде жүргізілген тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 16:55 Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жедел ақпарат негізінде жүргізілген тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Атап айтқанда, тергеудегі азаматқа арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде дымқыл майлықтың ішіне жасырылған бір телефон табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Мекеме басшылығының мәліметінше, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына заңсыз өткізу әрекеттерінің алдын алу мақсатында бақылау-қарау шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

"Азаматтарды белгіленген тәртіпті сақтауға шақырамыз. Әрбір анықталған дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады, – деп атап өтті мекеме басшылығы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: