Сотталған әйел «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні» тұрмысқа шықты
Сурет: pixabay
Сәния СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС – 164/6 (әйелдер колониясы) мекемесінде, 4 жылға ұрлық жасағаны үшін сотталған. Болашақ жарымын түрмеде жатқанда танысып, Ғашықтар күнінде екі жас шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен Дәулетпен ортақ достарымыз арқылы таныстым. Танысқан уақытта ол астанада тұрды, мен СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде жазамды өтеп жаттым. Дәулет менің суретімді достарымнан көріп, маған кездесуге келе бастады, маған бірнеше рет қысқа мерзімді кездесуге келді, таныстық, сөйлестік, біз бір жылдан астам уақыт сөйлестік, таксофон арқылы да хабарласып тұрдық, жақында ол маған ұсыныс жасады. Ол маған гүл сыйлады, бұл өмірімдегі қуанышты күндердің бірі еді. Сәния
Сәния бұған дейін тұрмыста болған, балалары бар. Ол балаларының толыққанды отбасында өскенін қалайтынын айтып, Дәулеттің оларға жақсы әке болатынына сенетінін жеткізді.
Мен әйелмін, мен де қолдау мен жылуды сезінгім келеді. Мен оның қасында өзімді сабырлы сезінемін. Дәулет өте сабырлы, мейірімді адам. Менің ойымша, ол менің балаларым үшін жақсы әке бола алады. Қазір мен 35 жастамын, ол 41 жаста. Біз онымен аптасына бір рет 15 минут телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Ол маған кездесуге келеді. Әрине, мен оның маған ұсыныс жасайтынын күттім. Себебі ол бірінші рет келгенде, бірден маған жанашырлық, қамқорлық көрсетті. Сәния
Сәнияның бостандыққа шығуына әлі үш жыл бар. Соған қарамастан, тұрмыс құруға бел байлапты. Ал Дәулет оны күтуге уәде берді.
Біздің некеміз бүгін, 15 сәуірде, осындай жарқын мерекеде тіркелгені мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін мен өзімді шын бақытты әйел ретінде сезіндім, – дейді сотталған Сания.
СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов түрмеде қиылған неке сотталғандарға оң әсер ететінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript