Қытай АҚШ-тан арандатушылықты қоюды талап етеді

28 Мамыр 2018, 10:16
Сурет: Sputniknews.kz

Пекин Вашингтоннан суверенитет нормаларын бұзатын және Қытай ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін арандату әрекеттерді тоқтатуды сұрайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұдан бұрын Қытай қорғаныс министрлігі хабарлағандай, USS Higgins эсминеці мен USS Antietam зымыранмен қаруланған крейсері жексенбі күні Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы Парасель аралдарынан 12 миль қашықтыққа өткен.

"Қытай осы әрекеттерге байланысты америкалық тарапқа қатаң наразылығын білдіреді. Біз америкалық тараптан суверенитет нормаларын бұзып, Қытай ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мұндай арандату әрекетттерді тоқтатуды талап етеміз", — делінген Лу Канның мәлімдемесінде.

Қытайдың сыртқы саясат ведомствосы өкілі атап өткендей, ҚХР өзінің суверенитеті мен қауіпсіздігін қорғауда тиісті шараларды атқаруды жалғастыратын болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?