Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстан омбудсмені Томирис Байсафаның өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Асқар Шәкіров студент қыздың ата-анасы берген мәліметке алаңдайды. Олардың айтуынша, тергеу барысында бірқатар процестік құқық бұзушылықтар болған.

Сурет : comode.kz28 Мамыр 2018, 12:18

Қазақстан омбудсмені Асқар Шәкіров МГИМО студенті Томирис Байсафаның қазасына қатысты тергеу әділетті жүруі үшін ресейлік әріптесінен көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Ресей омбудсмені Татьяна Москальковаға жолдаған өтінішінде өз құзыреті деңгейінде 2018 жылы сәуірде белгісіз жайттардан қаза тапқан РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты студенті Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеудің әділетті жүруіне ықпал етуді сұрады.

Қазақстан мен Ресейде қоғам назарына ілінген бұл оқиғаның мән-жайын Мәскеу қаласы Батыс әкімшілік округы бойынша Бас тергеу басқармасы анықтап жатыр.

"Омбудсмен Т. Байсафаның ата-анасы айтқан тергеу барысындағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ тергеу туралы ақпарат беруден бас тарту сияқты мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Қаза тапқан студент қыздың отбасы атап өткендей, тергеу органдары тиісті сараптама жасау үшін шараларды уақытылы жүргізбеген", — делінген құқық қорғау ұйымының хабарламасында.

Бұдан бөлек, өтініште айтылғандай, бойжеткеннің ата-анасы қылмыстық істі тергеудегі бұрмалаушылыққа алаңдаулы, өйткені тергеу амалдары, олардың пікірінше, жалғыз куәгердің жауабына негізделген, соның салдарынан ақтық процестік шешім қабылданып, сарапшылардың қорытындысы шыққанша, БАҚ көздерінде оқиғаға қатысты түрлі болжамдар таралып кеткен.


"Оқиғаның күрделілігін ескере отырып, Омбудсмен жоғарыда аталған деректерді тексеруге, сондай-ақ тергеу амалдарының айқын әрі әділетті жүргізілуіне көмектесуді сұрады", — делінген құжат мәтінінде.

Еске салып өтсек, 13 сәуір күні 21 жастағы студент МГИМО терезесінен құлап кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық қыз Дағыстан тумасы — басқа бір оқу орнының студентімен сөйлесіп тұрған. Кей деректерде айтылғандай, екеуі қыз-жігіт болып жүріп жүрген көрінеді.

Мәліметтердің біріне сүйенсек, екі жас бір-біріне дауыс көтеріп, жігіт терезені ашып, қызды итеріп жіберген. Жедел жәрдем зардап шеккен бойжеткенді ауруханаға жатқызды. Қыз көптеген жарақат алып, басына зақым келген.

Кейінірек Дағыстан тумасы қарама-қайшы түсініктеме беріп, қазақстандық студентпен болған оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.

Томирис ауруханада 20 күн жатып көз жұмды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер