Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрамбек Бесбаев Бүркіттің екінші фильміне түсті

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2018 20:03 Stan.kz
Режиссерліктің қыр-сырын тереңінен меңгеруге кіріскен Бүркіт екінші кинокартинаның түсіріліміне кірісті.

Режиссерлікке бет бұрған Бүркіттің алғашқы кинокартинасы сәтті шықты деу қиын. Өткен жылы көрерменге жол тартқан “Апан” фильмін киносыншылар да, көрермендер де жаппай сынға алған болатын. Бүркіттің тырнақалды туындысы кассалық жиналым жағынан да үздіктер көшіне ілесе алмады. Дегенмен Бүркіт бір фильммен тоқтап қалмақ емес, деп хабарлайды Stan.kz.

Режиссерліктің қыр-сырын тереңінен меңгеруге кіріскен ол екінші кинокартинаның түсіріліміне кірісті. Экшн-комедия жанрында түсіріліп жатқан фильм “Загадай желание” деп аталады.

Аталған кинофильмде Бүркіттің жиен қарындасы, танымал желі жұлдызы Әсел Асқар, Саят Исембаев, Абунасыр Серіков, тіпті режиссердің жары Аиша да бой көрсетеді. Сондай-ақ, ән әлемінің патшасы атанып кеткен Мейрамбек Бесбаев та фильмге түскен. Бұл туралы Мейрамбек:

“Балықты жек көретін адаммын, балық жемеймін. Бірақ кинода балық аулайтын эпизодқа түсу бұйырғанын көрмейсің бе?” – деді.

Ал кинокартина режиссері Бүркіт:

“Мейрамбек жай-пай киноға келе бермейді негізі, таңдап келеді”, – деп мақтанды.

Айта кетейік, бұл – танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың алғашқы фильмі емес. Ол бозбала шағында “Алғашқы махаббат” фильмінде басты рөлді сомдаған. Сондай-ақ, осыдан бірер жыл бұрын Баян Алагөзованың “Ғашық жүрек” фильмінің қос бірдей бөліміне түскен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: