Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар тұрғыны Рамазан айында 300-ге жуық африкалықты тамақтандырмақ

Қазіргі уақытта 29 жасар Тоғжан Ынтықбаева Орталық Африка Республикасында жүр.

Сурет : Baq.kz28 Мамыр 2018, 15:30

Павлодар қаласының тумасы Тоғжан Ынтықбаева Рамазан айында Орталық Африка Республикасының 300-ге жуық жанұясын тамақтандырмақ, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қазіргі уақытта 29 жасар Тоғжан Ынтықбаева Орталық Африка Республикасында жүр. Тоғжанның жолдасы Азамат Жағупаровтың айтуынша, ол қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға тыңғылықты дайындалған.

«Тоғжан – өте мейірімді жан. Аш-жалаңаш, көмекке зәру адамдарға қамқорлық көрсетуді мақсат етеді. Мен өз тарапымнан қолдау көрсетуге тырысамын. Осы жолы біз Орталық Африка елін таңдадық. Себебі, бұл - қара құрлықтағы кедей мемлекеттердің бірі. Тоғжан құрбысымен бірге «қосымша шынайылық карточкаларын» сатып алып, қайта саудалады. Қуантарлығы, бұл отандық өнім жоғары сұранысқа ие. Карталар арқылы телефонның көмегімен бейнелерді 4D форматында көруге болады. Бастапқыда саудадан түскен қаржыны сол елге аудару көзделген. Осылайша, небары бір айдың ішінде 2,5 млн теңге жиналып қалды. Күтпеген жағдай болды», - дейді Азамат Жағупаров.

Құрбылар бастапқыда қаржыны есепшотқа аударуды көздепті, дегенмен кейін өздері баруды мақсат еткен. Тоғжанның игі ісі ОАР-ның экономика және білім министрліктері тарапынан қолдау тауып, дипломатиялық сапар шеңберінде қара құрлыққа шақырту алыпты. Айта кетерлігі, Тоғжан осы мемлекеттегі ұстаздармен берік қарым-қатынас орнатып үлгерген.

Тоғжан Ентікбаева қазіргі уақытта бала күтімі бойынша демалыста. Декреттік демалыста қол қусырып отырмай, қайырымдылық іспен айналысуға ниет еткен. Мұғалімнің бастамасымен Орталық Африка Республикасындағы мұсылман қауым мен көмекке зәру тұрғындар сәресі мен ауызашарда тегін тамақтана алады.

«Бүгін Банги қаласына қарасты ауыл тұрғындарына азық-түліктің 10 пакетін тараттық Балаларға тәтті тағамдар үлестіріп, бір қуанттық. Ал кеше 120 пакетті тарту еткен болатынбыз. Бір тонна ұн, 750 келі қант, 750 келі күріш, 250 келі тұз, сонымен қатар, макарон өнімдерін сатып алдық», - дейді Тоғжан Ентікбаева.

Бір қызығы, бұл елге жету үшін қазақ қыздары Ресей, Белорусь, Катар және Франция елдерін басып өту керек болыпты. Бұл мемлекеттер арқылы ұшу билеттері ең арзан екен. Орталық Африка Республикасына жету үшін азаматшалар өз қалталарынан 500 мың теңге жұмсапты.

Еске сала кетейік, ОАР – Конго және Шари өзендерінің алабында орналасқан ел. Әлемдегі артта қалған елдер қатарына жатады. Халықтың 80–90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Экспортқа алмас, мақта, кофе, темекі, ағаш шығарылса, импорт ретінде машиналар және жабдықтар, азық-түлік, химия өнеркәсібі өнімдері, мұнай өнімдері тасымалданады.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер