Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымкентте қатты желдің зардаптарын коммуналдық қызмет қалпына келтіруде

Бүгін облыс орталығы мен қала-аудандарда ауа райы жылынып, күн шығып тұр.

Сурет : ҚазАқпарат28 Мамыр 2018, 16:11

Оңтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытып, қатты жел тұрды. Салдарынан нысандардың шатыры ұшып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл күні Шымкентте түнде екпіні 19 м/с болатын қатты жел тұрып, ауаның ылғалдығы 10 мм жеткен. Облыстың солтүстігіндегі Созақ ауданында желдің екпіні 25 м/с болды», - дейді ауа райын болжаушы мамандар.

Қатты дауыл салдарынан бірнеше ағаш сынып кетті. Дегенмен электр желілері мен үйлердің шатырына құламаған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қатты желдің келтірген зардаптарын қазір қаланың коммуналдық қызметі қалпына келтіруде.

Ал, Отырар ауданында ауа райының жауын-шашынды әрі желдің қатты болуынан екі нысанның шатыры ұшып кетті.

«Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінде мектеп пен мемлекеттік мекеме гаражының шатырын жел ұшырып әкетті. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Бүгін облыс орталығы мен қала-аудандарда ауа райы жылынып, күн шығып тұр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер