Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда 21 өзге ұлт өкілі Абай шығармалары бойынша сынға түсті

Байқауды ұйымдастырушы биыл 30-дан астам қатысушы тіркелгенін айтты.

Сурет : Рavlodarnews.kz28 Мамыр 2018, 17:10

Павлодарда өзге ұлт өкілдері арасында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты қалалық Абай шығармашылығы көркемсөз оқу байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқауды ұйымдастырушы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғыман биыл 30-дан астам қатысушы тіркелгенін айтты.

- Жыл сайын ниет білдірушілер саны артып келеді, - деді Мейрам Нұғыман. – 30 адамның ішінен 21-ін іріктеп шығардық. Бұл – мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өтіп жатқан республикалық шара. Қалалықтан өткендер облыстыққа, облыстан өткендер республикалық кезеңге қатысады. Мен өзім 11-рет өткізіп отырмын. Сайыс білім беру мекемелері, кәсіпорындар арасында танымал. Қазақтелеком, Алюминий зауыты, трамвай басқармасы сынды ірі ұйымдар өз үміткерлерін жіберуде. Өңірімізде мемлекеттік тілді үйреніп жүргендер көп. Сондықтан қатысушылар саны да, сапасы да арта түсуде. Байқау арқылы Абай атамыздың шығармаларын насихаттаймыз, әрі мемлекеттік тілді меңгеруге ықпал етеміз.

Байқауда өнерпаздар төрт кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңі – Абай өлеңдерін жатқа оқу болса, 2-кезеңде ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқу жүктелді. 3-кезеңде қатысушылар ойшыл ғалымның әндерін орындаса, соңғы кезеңде орыс тіліне аударған өлеңдерін оқу тапсырылды.

Бақ сынаушылардың өнеріне «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Асыл Әбішев, белгілі жыршы, көркемсөз шебері Даниял Әсенов, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры Жеңіс Молдабеков баға беріп, қазылық жасады.

Қазылардың шешімі бойынша Абай әндерін нақышына келтіріп орындауда көзге түскен №85 сәбилер бақшасының қызметкері Екатерина Татарникова «Көңілім әнді ұғасың» және музыкалық колледждің 2-курс студенті Анастасия Корень «Әнді сүйсең, менше сүй» аталымдарымен марапатталды.

Ал, жүлделі үшінші орынға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің 1-курс студенті Анастасия Варина, екінші орынға №34 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Алена Шакирова ие болды. Көлік және коммуникация колледжінің 2-курс студенті Виолетта Буранбаева бірінші орын иегері атанды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер