Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Сағадиев балалардың қауіпсіз демалысын қалай қамтамасыз ететінін айтты

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2018 18:34 ҚазАқпарат
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджет есебінен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шін жергілікті бюджет есебінен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каникул кезінде балаларды барынша қауіпсіз демалыспен қамтамасыз ету үшін кейбір мәселелерді көтеру керек болып тұр. Әрине, көптеген ата-аналар жазда балаларының қала сыртындағы лагерьлерде демалғанын қалайды. Алайда өңірлерде жұмыс істеп тұрған қала сыртындағы лагерьлер барлық баланы демалыспен қамтуға жетпейді», - деді министр.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджет есебінен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға аталған санаттағы балалардың демалысын басқа облыстардағы лагерлерде ұйымдастыру жағын қарастыруды ұсынамыз. Жыл сайын министрліктің «Балдәурен» және «Қапшағай Балдәурен» республикалық орталықтарында барлық өңірден келетін 9 мыңға жуық баланың демалысы ұйымдастырылады. Жергілікті атқарушы органдарда еліміздің көршілес өңірлерде балалардың демалысын ұйымдастыру тәжірибесі бар. Осыған арнайы назар аударуды сұраймын», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің атап өтуінше, аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың динамикасы дұрыстығын тексеру қажет. Былтырғы жылы осы мәселені зерделеу үшін қоғамдық бақылау механизмі енгізілген.

«Республиканың барлық өңірінде құрылған қоғамдық комиссия құрамына ҮЕҰ және ата-аналар кеңестерінің өкілдері кірді. Комиссия тарапынан 12 мыңнан астам лагерьдің жұмысына мониторинг жүргізілді. Нәтижесі бойынша қалалық және аудандық әкімдерге нақты ұсыныстар берілген болатын. Осы жұмысты ағымдағы жылы да жалғастыруды қажет деп ойлаймыз», - деді ол.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: