Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 3,5 мыңнан астам оқушы емтиханнан босатылды

Елімізде 3,5 мыңнан астам оқушы емтиханнан босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 13:50 Сурет: Zakon.kz
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 9 мемлекеттік орган бірлесіп, республикалық және өңірлік штабтар құрылды.

Бұл туралы бүгін үкіметте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. 

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы , аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды.

Яғни, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы, биылғы оқу жылын 3 млн 800 мың оқушы аяқтағалы отыр. Енді жазғы демалысқа ойыссақ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 3800-ден астам бала сауықтыру орталықтарына жолданатынын айтты.

Қазірдің өзінде 628 бала демалып жатыр екен. Сонымен бірге, "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан ауыл балаларына басымдық беріледі.

"Биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 млн-ға жуық бала жазғы демалысын өткізеді", - деді министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: