Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Су тасқынынан зардап шеккен семейліктер шу шығарды

:ұрт екі айдан бері көк тиын да көмек алмаған.

Сурет : ҚазАқпарат30 Мамыр 2018, 10:05

Семейде көктемгі тасқыннан зардап шеккен Затон және Мирный кенттерінің тұрғындары жергілікті әкімдік ғимараты алдына жиналып, наразылық білдірді. Олар өздеріне уәде етілген қаражатты талап етуде, деп хабарлайды Zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Айтуларынша, жұрт екі айдан бері көк тиын да көмек алмаған. Соның салдарынан, тұрғындар әлі күнге дейін көрінген босағаны жағалап жүр. Алғашында шенеуніктер оларға бір айға жеткізбей су тасқынының шығынын толық өтеп беруге әде берген. Әйтсе де, ол орындалмаған.

Бүгінде жұрттың шыдамы таусылған. Сондықтан олар жергілікті биліктерін өздері іздеп келді. Себебі, наурыз айының аяғында болған тасқынға екі ай уақыт өтсе де, үйіне зақым келгендер ешқандай өтемақы алмаған. Жұрт тіпті білдей облыс әкімі алғашында белуардан су кешкен жұртты сабырға шақыру үшін алдап соқты деп ашынды.

"Даниал Ахметов келіп бірінші күні қашып кетті. Үш күннен кейін келем, комиссия жасаймын деген болатын. Сөзінде тұрмады. Джиптің ішінде отырып алды. Кейін тек басын көрдік. Көшені бір айналды да, тайып тұрды" - дейді Семей қаласының тұрғыны Серғазы Төлегентаев.

Осылайша, жұрт облыс әкімі тұрмақ шаһар басшысы Ермак Сәлімовті де тасқын басылғанан кейін көрмегендерін айтады.

"Біз өзіміз далада қаңғып жүрміз. Үйдің асты көк сасыған су. Өзім бронхит болып ауырдым. Балаларым далада жүр. Киім-кешек көк сасиды. Халыққа көмектеспегенде, кімге көмектеседі?" - дейді Семей қаласының тұрғыны Айтмұхан Әкімжанов.

Дүрліккен тұрғындарды әкімнің орынбасары қабылдады. Оның айтуынша, қала басшысының өзі Астанаға іссапармен кеткен. Ал орынбасар қарша бораған сұрақтың астында қалды. Тіпті ол бір жауапты мың қайталаумен болды.

"Мен айтып тұрмын ғой, үкіметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қарастырған 1 млрд 300 млн теңгелік жобасы бар. Тағы қайталап айтайын, бүгінгі үкімет отырысында бізге қатысты шешім қабылдануы тиіс" - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Жұрт арнайы комиссияның шешіміне де разы емес. Айтуларынша, олар үйлерді тым арзанға бағалаған. Ал бүлінген баспананы қайта қалпына келтіру үшін берілетін 1 млн теңге ештеңеге жетпейді дейді. Сондықтан ашынған тұрғындар қайтадан тексеру жүргізіліп, әділ шешім қабылданбаса, әкімдіктің алдында аштық жарияламақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер