Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына алғашқы баспаналар беріле бастады

Батыс Қазақстан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 20:38 Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған 52 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына алынды

Батыс Қазақстан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 20:38

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Батыс Қазақстандық Ризабек Айтқалиевтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған.  Бүгін ол жаңа пәтеріне кіріп, мемлекеттің қолдауына алғысын білдірді.

Батыс Қазақстан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 20:38

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жұбайымыз екеуміз 2-ші саяжай учаскесінде тұрдық. Су тасқыны кезінде жалғыз үйіміз суға кетті. Мемлекет бізді далада қалдырмады. Бүгін міне жаңа пәтерге қоныстанып отырмыз. Президентімізге рақмет", - деді Ризабек Айтқалиев.

Жаңа қоныс иелерінің бірі – Ералиева Рита. Бұл жанұяның да қуанышында шек жоқ.

Батыс Қазақстан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 20:38

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қиын күндер артта қалды. Жақсылықтан үмітімізді үзбедік. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау бізге демеу болды", - деді ол.
Батыс Қазақстан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 20:38

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: