Жаңалықтар тізбегі
0

Жастар модульдік оқу арқылы бір мамандық аясында үш біліктілікке ие болады

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 17:43 time.kz
Жалпы аталған өзгертулер мен толықтырулар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындар қызметінің басты төрт бағытын реттеуге негізделген.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Білім туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы Қазақстан Республикасы Заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2017 жылдың маусым айында ҚР Парламент депутаттарының бастамасымен "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Білім мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу" туралы Заң жобасы ұсынылған болатын. Заң жобасы Елбасының экономикамызды білікті кадрлармен қамтамасыз ету және халықаралық талаптарға сай кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту аясында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес іске асырылып жатқан баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім жобасын тиімді заңды түрде қолданысқа енгізуді көздейді.

"Жалпы аталған өзгертулер мен толықтырулар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындар қызметінің басты төрт бағытын реттеуге негізделген. Атап айтсақ, оқу бағдарламаларын модульдік әзірлеу; дуалды оқытуды дамыту; біліктілікті сертификаттауды бәсекелестік ортаға беру; оқу орындарының қаржылық жағдайы", - деп атап өтті депутат.

Бірінші бағыт - модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу. Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім жобасының негізгі мақсаты жұмыссыз жүрген, оқу орындарына түсе алмаған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, аз қамтылған отбасыдан шыққан жастардың жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Барлық мамандықтар бойынша жауапты министрлік оқу бағдарламаларын қайта қарастырып, жаңа модульдік оқу бағдарламаларын әзірледі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі бір мамандық аясында бір біліктіліктің орнына үш біліктілікке дейін ала алуы. Заң жобасында аталған модульдік оқу бағдарламаларын заңнамалық турде бекітіп, оқу үрдісіне енгізу көзделуде. Бұл енгізілген жаңашылдық жалпы жұмысшы мамандығының беделін арттырады.

Екінші бағыт - дуалды оқытуды дамыту. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2012 жылдан бастап Қазақстанда дуалды оқыту жүйесі енгізілуде. Бүгінгі күні дуалды оқыту бойынша заңнамалық және институционалдық база қалыптастырылған. Алайда әлі де болса тәлімгер ұғымы, оның еңбекақысын төлеу туралы нормалары ешқандай заңда немесе құқықтық актілерде көрсетілмеген. Осыған байланысты Заң жобасы шеңберінде Еңбек кодексіне тәлімгер, өндірістік оқыту, кәсіптік фракция ұғымдары енгізілді.

Үшінші бағыт - біліктілікті сертификаттауды бәсекелестік ортаға беру туралы. Бүгінгі күні колледждерді бітіруші түлектер қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады. Және дипломдық жобаны қорғап қана қоймай, кәсіптік даярлау деңгейін бағалау және біліктілікті беру бойынша теориялық тест және практикалық емтихан тапсырады. Яғни бірін-бірі қайталау жүйесі деген сөз. Осыған байланысты Заң жобасы шеңберінде колледж түлектерінің кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру процедурасын қорытынды аттестаттауды алып тастап, оны бәсекелестік ортаға беруді ұсынамыз. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, түлектердің біліктілігін сертификаттауды тәуелсіз ұйымдар жүзеге асырады.

Төртінші бағыт - оқу орындарының қаржыландыру жүйесі. Бірінші, мемлекеттік білім беру тапсырысына тоқталсақ, аталған түзету мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту мәселесінде және оларды бекіту мерзімінде айырмашылықтардың болуына байланысты енгізіліп отыр. Келешекте өңірлі кәсіпкерлер палатасымен бірге мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныстары мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде есепке алынады. Екінші, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін арттыру бойынша ұсынымдар да енгізілді.

"Заң жобасы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың сапасына, өскелең ұрпақты қазіргі заман көзқарасын қалыптастыруға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған", - деп түйіндеді өз сөзін Бақытгүл Қайыржанқызы.

Гүлім Тоқтарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: