Ел мүддесін қорғауға арналған бірқатар заң жобалары мақұлданды

30 Мамыр 2018, 13:10
Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары бастамашы болған, ел мүддесін қорғауға арналған бірқатар заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың қатарында Білім (бірінші оқылым) және тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру, газ және газбен жабдықтау туралы, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобалары (екінші оқылым) депутаттар қолдауына ие болды.

Осыған орай Мәжіліс Төрағасы: -Бүгін біз тікелей депутаттарымыздың өздері бастамашы болған төрт заң жобасын мақұлдадық. Осы құжаттар көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Бұл депутаттық корпус үшін үлкен нәтиже екені сөзсіз,-дей келіп, заң жобаларына қатысқан барлық әріптестеріне және жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді.

Заң жобалары одан әрі Сенат қарауына жолданды.




zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?