"Білім туралы" Заң жобасы мақұлданды

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 18:16 ernur.kz
Бұл Заң жобасы арқылы білім беру саласындағы бірқатар түйіні тарқамай келе жатқан мәселелер шешімін табады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Аталған заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Бақытгүл Қайыржанқызының айтуынша, бұл білім беру саласындағы бірқатар түйіні тарқамай келе жатқан мәселелердің шешімін табады.

Жалпы аталған өзгертулер мен толықтырулар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындар қызметінің басты төрт бағытын реттеуге негізделген. Атап айтсақ, оқу бағдарламаларын модульдік әзірлеу; дуалды оқытуды дамыту; біліктілікті сертификаттауды бәсекелестік ортаға беру; оқу орындарының қаржылық жағдайы.

Сонымен, Қаулы бірауыздан қабылданып, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Гүлім Тоқтарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: