Жаңалықтар тізбегі
0

Менингиттен көз жұмған 5 жасар баланың анасы: Ұлымнан бір сағатта айырылып қалдым

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2018 16:22 stan.kz
Баласын ауруханаға жатқызатын кезде қандай қиындыққа тап болғанын айтты.

2 маусым күні менингококк инфекциясынан көз жұмған бес жасар баланың анасы сол күні басынан қандай жағдай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 маусым күні Алматыда менингококк инфекциясынан 5 жасар Димаш көз жұмды. Ал келесі күні Алматы облысында осы инфекциядан отбасының болашақ келіні қайтыс болды.

Димаштың анасы Аида Ахметова сол күні басынан қандай жағдай өткенін айтып берді.

"Мен 2 маусым күні түнгі сағат 2-де (менингококк инфекциясынан) көз жұмған Димаштың анасымын. Мен 12-ші инфекциялық балалар ауруханасының қыметкерлеріне ризамын. Соңғы сәтке дейін ұлымды құтқарып қалуға барын салды. Бірақ Қазақстанның, нақтырақ айтар болсам, Алматы мен Талғардың жедел жәрдем қызметінің жұмысына қатысты пікір білдіргім келеді. Қайталап айтамын, Талғар!!!", - деп жазды Аида Ахметова.

Аиданың айтуынша, ол жедел жәрдемді үйіне, Табаксовхоз ауылына шақырған. Дәрігерлер жылдам келді, бірақ бұйрыққа сүйеніп, баланы қалаға апарудан бас тартты. Олардың айтуынша, облыс тұрғындарын тек Талғардың ауруханасы ғана қабылдайды екен.

"Оларға қоңырау шала алмадық, инфекциялық ауруханалары бар ма білуге. Күтіп отыра алмадым, баланы алып, қалаға кеттім, Алматыдан жедел жәрдем шақырдым. Жақсы фельдшер жолықты, ауруханаға тез жеткенімен, көлікте 30 минуттай жаттық, өйткені 12-ші ауруханада бос орын болмады. Осы 30 минутта тоғыз баланы алып келгенін көрдім. Балаларын өздері алып келіп жатқан ата-аналар да бар. Кезек сұмдық болды!", - деді Димаштың анасы.

10 минут қарады да жансақтау бөліміне жатқызды. Болды. Періштемізден айырылып қалдық. Осы уақытта анам келініміздің кеше ауырып қалғанын айтты.

"Қайғыдан қан жұтып отырғанда, анам болашақ келініміздің кешеден бері ауырып жатқанын айтты. Бірден оған қоңырау шалдық, шамамен таңғы сағат 05.30-6 болды. Ол өзін Талғардан Қаскелеңге жедел жәрдеммен алып кетіп бара жатқанын айтты. Қызуы қатты көтеріліпті. Телефонды фельдшерге беруді сұрадым. Сөйлесіп, жақын маңдағы инфекциялық ауруханаға жеткізуін сұрадым. Қаскелеңге дейін шыдамайтынын, ұлымнан бір сағатта айырылып қалғанымды айттым. Үлгермейсіңдер, тағы бір адамнан айырлғымыз келмейді дедім. Фельдшер бізді облыста тұратынымзды, ал ең жақын аурухана Қаскелеңде екенін айтты. Ойлаңызшы Талғардан Қаскелеңге, кемі екі сағат. Біз одан да айырылып қалдық, бір отбасынан екі адам!", - деп жазды Аида Ахметова.

Оны көкейінде көптеген сұрақтар мазалайды: "XXI ғасырда адамдар қалайша індеттен көз жұмады? Неге ұйымдарды карантинге жаппайды? Алдын ала тексеруге болмас па еді? Вакцина қайда, неге оның құны 22 мың теңге? Барлығының оған қолы жете ме? Жалақысы 60 мың теңге болатын қарапайым халық не істейді, көп балалы отбасы не істемек? Бір елде тұрып, аудандарға бөлінеміз, сұмдық-ай!".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: