Теміртауда 20 жасар жігіт 5 адамды атып тастады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 20:30 Сурет: zakon.kz
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, күдікті қамауға алынды.

2018 жылдың 10 мамыр күні Теміртау қаласында «жедел жәрдем» бригадасы бытырадан жарақат алған 18-25 жас аралығындағы 5 жігітті ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың 20 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол қақтығыс кезінде оқ атқанын мойындаған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылып, қамалған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: