Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Министр өзіне менингитке қарсы вакцина салдырмағанын айтты

Ол өзіне де, балаларына да вакцина салдырмағанын айтты.

Сурет : Baq.kz4 Маусым 2018, 14:53

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясын алдын алу мақсатында өзіне және отбасына вакцина жасамағанын айтты. Оның айтуынша, менингитке қарсы вакциналау дәл қазір еш көмек бермейді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Инфекцияның алғашқы ерекшелігі, таратушы адам өзі ауырмауы мүмкін, яғни ол өзінің таратушы екенін білместен басқаға жұқтырады. Екінші ерекшелігі, шапшаң жұғу жағдайында науқас бірден өліммен аяқталуы мүмкін», - деді Біртанов баспасөз мәслихатында.

Ол өзіне де, балаларына да вакцина салдырмағанын айтты.

«Мен өзім вакцина салған жоқпын, балаларыма салдырған жоқпын. (...) Вакциналай бастаудың қажеті жоқ. Вакцина әсерін беруі үшін екі ай, үш ай алдын ала жасау керек. Бірақ қазір науқас адамдар саны көп емес, соған байланысты бүкіл жұмыстарымызды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарты бойынша жасап жатырмыз. Бүкіл халықтың арасында вакцинацияны бастаудың қажеті жоқ, ол көмек бермейді», - деді ведомства басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер