Цой Pfizer жайлы: Балаларыма вакцина салдыртамын

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2021 02:44 Zakon.kz
Министр ата-аналардың рұқсатынсыз ешкімге вакцина салынбайтынын айтты. Сондай-ақ, ол вакцина алмаған оқушыларды онлайн оқуға ауыстырылмайтынын жеткізді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларына коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыртатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден: "Таныстарыңыз бен достарыңыздың 12-ден асқан балаларына екпе салуға кеңес бересіз бе", – деп сұрады.

Әрине, екпе салуды ұсынамын. Мен оларға үлгі болуым керек, балаларыма вакцина салдыртамын. Менің ұлым бар, екпе салуға жататын жастағы. Енді мектептердің екпе салуға кірісуін күтіп отырмыз, қалай басталады, солай салдыртады, – деді Цой.

Министр ата-аналардың рұқсатынсыз ешкімге вакцина салынбайтынын айтты. Сондай-ақ, ол вакцина алмаған оқушыларды онлайн оқуға ауыстырылмайтынын жеткізді.

Жоқ, екпе алмаған оқушылар онлайн оқиды деген болмайды. Бұл – ерікті вакциналау, – деп сендірді Цой.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: