Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

4 Маусым 2018, 17:36
Сурет: Хабар 24

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды биылғы 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының (ТАНАП) ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне және елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоған екі мемлекет арасындағы сындарлы диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?