Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тарауих намазында менингит жұқтырған жағдайлар кездесті – Бекшин

Мешітте адамдар бір-біріне өте жақын отырады және ғимараттың ішінде ауа тар.

Сурет : Baq.kz5 Маусым 2018, 13:37

Имамдарға мешіттерде дезинфекциялау жұмысы тапсырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Комитет төрағасының айтуынша, рамазан айында ауызашардан кейін тұрғындар тарауих намазына жығылу үшін мешітке барады да, менингококк инфекциясын жұқтырады. Себебі мешітте адамдар бір-біріне өте жақын отырады және ғимараттың ішінде ауа тар.

«Айта кету керек, мешіттердің имамдарымен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Себебі мешіттегі тарауих намазы кезінде инфекцияны жұқтырған жағдайлар бар. Ауызашардан кейін адамдар мешітте, яғни жабық жерде 1,5-2 сағат, бір-біріне өте жақын отырады. Инфекция жұғу қаупі жоғары», - деді Бекшин.

Бас санитар дәрігер осыған байланысты мешітте де дезинфекциялау шаралары жүріп жатқанын айтты.

«Сондықтан мешіттегі имамдарға тарауих намазы кезінде дезинфекциялау тапсырылды. Тарауихқа келген адамдарға жақсы жағдай жасалу керек. Терезелерді ашып ауаны тазарту, мешіттің ішін жақсылап жуу және тағы басқа дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Бекшин.

Айта кетейік, Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтырғандардың ішінде 58 адамда расталды. Сонымен қатар, елімізде ауырғандарда инфекцияның 3 түрі анықталды. Бүгін Қазақстан бойынша менингококк инфекциясын жұқтырған адамдармен байланысқа түскен 4136 адам анықталды.

Рахиля Бекназарқызы

Тақырыпқа қатысты жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер