Қазіргі заманда табылған ірі қазыналар
Массагет порталының мәліметінше, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамдар бірнеше өте ірі қазынаны тапты.
Сурет: Pixabay
1985 жылы Польшадағы Срода-Сленскаядағы ескі ғимараттардың бірін жөндеу кезінде қабырға арасында жасырылған ваза табылды. Оның ішінде 3000-ға жуық бірегей және қымбат монета, бірнеше медаль және бір алтын тәж болған. Ғалымдардың айтуынша, қазына ескі ғимарат қабырғасына XIV ғасырда жасырылған. Оның құны 150 миллион долларға бағаланған. Бүгінде ескі жәдігерлер Польшаның Вроцлав қаласындағы мұражайлардың біріне қойылған.
Сурет: Pixabay
Неміс суасты қайықтарының шабуылынан кейін Ирландия жағалауында батып кеткен кеме қалдығы 2012 жылы табылды. Кеме қалдығының құрамынан 48 тонна күміс алынды. Табылған метал 38 мың долларға бағаланды.
Сурет: Pixabay
2007 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско маңынан үлкен қазына табылды. Odyssey Marine Exploration тобы материктің шетінде бортында көптеген алтын және күміс тиындары бар испан кемесін кездестіріп, олжалы болды. Бұл қазына табылғаннан кейін жанжал туды, себебі испан үкіметі ата-бабаларына тиесілі жарты миллион алтын және күміс тиынды қайтаруды талап етті. Нәтижесінде қазына теңдей бөлінді.
Сурет: Pixabay
Жоғарыда айтылғандай, қазынаны көбінесе қарапайым адамдар табады. Мұндай жағдайдың бірі 2011 жылы Германияның Пассау қаласында болды. Кітапхана тазалаушысы Тани Хелс кездейсоқ византиялық, грек және рим монеталарының көп мөлшерін тапты. Зерттеушілер бұл ақша 1803 жылы жасырылған деген қорытындыға келді.
Сурет: Pixabay
Ғибадатхана VI ғасырда тұрғызылған, бірақ жергілікті тұрғындар қасиетті жер біздің эрамызға дейінгі 3100 жылдан бері бар деп есептейді.
2011 жылы ғибадатхана әлемдегі ең бай ғибадатхана ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның астында ғасырлар бойы Вишну раджалар мен келушілер ұсынған алтын, күміс, асыл тастар мен басқа да сыйлықтарға толы қазына ашылды. Падманабхасвами храмы қазынасының жалпы құны 20 миллиард долларға бағаланады.