Зергер алтынның жалған екенін қалай ажыратуға болатынын айтты

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 11:45 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Әшекей сатып алғанда адамдар кейде нағыз алтынның орнына сырты алтын түстес, бірақ басқа металдардан жасалған бұйым сатып алып қояды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, ресейлік зергер Арина Дамаева кейде жез немесе басқа да бағалы емес металдардан жасалған, сырты алтын түстес қаптамамен қапталған бұйымдардың алтын ретінде сатылатынын айтты.

Мәселе мынада: бұйым жаңа болған кезде оның жалған екенін көзбен ажырату қиын.

Сондықтан зергер мына белгілерге назар аударуға кеңес береді:

  • Егер әшекей өлшеміне қарағанда тым жеңіл болса, түсі біркелкі болмаса немесе кей жерлерінен басқа түсті металл байқалса, сақ болған жөн.
  • Ілгектерін, сақинаның ішкі жағын, жалғанған жерлерін және терімен жиі жанасатын тұстарын мұқият тексеріңіз. Әдетте дәл осы жерлердегі алтын қабаты бірінші болып өшеді.
  • Дүкенде ең алдымен сынама белгісінің бар-жоғына назар аудару керек. Сынаманың болуы бұйымның түпнұсқа екеніне толық кепілдік бермейді, бірақ оның болмауы күмән тудыруы тиіс.
  • Бұйымның өңделу сапасын, тігістерінің ұқыптылығын және жалпы жасалуын бағалаңыз. Сапасыз қорытпалар көбіне осындай ұсақ бөлшектерден байқалады.
  • Тағы бір маңызды белгі — тым төмен баға. Жеңілдіктер мен акциялар болуы мүмкін. Бірақ әшекейдің бағасы нарықтағы орташа құнынан айтарлықтай төмен болса, сатушыға сұрақ қойып, бұйымды мұқият тексерген жөн.
"Сатып алушылар алтынды халықтық әдістермен тексеру туралы жиі сұрайды. Біреулер магнит қолдануды, енді бірі йодпен, сірке суымен немесе керамикалық плиткаға үйкеп тексеруді ұсынады. Іс жүзінде мұндай әдістердің көпшілігі тиімсіз немесе әшекейді бүлдіруі мүмкін. Магнит кейбір арзан металдарды анықтауға көмектеседі, бірақ барлық қорытпа магнитке әсер етпейді. Ал химиялық заттармен жүргізілген тәжірибелер бұйымның бетінде із қалдыруы мүмкін", – деді зергер.

Егер неке жүзігін немесе басқа да қымбат әшекей сатып алатын болсаңыз, зергер сатушыға сұрақ қоюдан қысылмауға және қажет болған жағдайда бұйымды қосымша тексеруді сұрауға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: