Жаңалықтар тізбегі
0

Біртанов Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында жоспарланбаған тексеріс жүргізді

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 16:00 www.zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі ұзақ кезекте тұрып, дәрігердің қарауына кіре алмаған халықтан кешірім сұрады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы И.С.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға жоспарланбаған тексеріс жасады. Тексеріс барысында ведомства басшысы ұзын сонар кезекке куә болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің сын ескертпесінен кейін, ауруханаға дереу қосымша медицина қызметкерлері шақырылды, ал шұғыл түрде жеткізілген науқастар кезектен тыс қабылданды.

Министрдің сапары барысында, жұқпалы аурулар бөліміне жедел жәрдем машиналары үздіксіз ауру белгілері бар пациенттерді әкеліп жатты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 16:00

Елжан Біртанов журналистерге берген сұхбатында, осындай жайттар ең алдымен жергілікті атқарушы органдардың салғырттығынан болады деді. Нәтижесін көріп тұрғандай, адамдар ұзын сонар кезекте ыстығы көтеріліп тұрса да күтуге мәжбүр. Оған қоса, қажетті ем-домды дәрігерден ала алмайды. Денсаулық сақтау министрі кезекте тұрған адамдардың барлығынан кешірім сұрады және осындай жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті билік органдарымен тиісті жұмыс жүргізілетініне уәде берді.

Менингит жағдайы тұрақты, бүгінгі күні бізде тек нақты екі пациент бар. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшылары мына у-шуды өздері жасап отыр. Жұқпалы науқастар үшін қосымша қабылдау бөлмелері ашылғанын айтып ақталады. Ал нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар дұрыс жұмыс істемейді. Мен арғы күні оларға өзім хабарласып, қосымша дәрігерлерді шақырып, науқастарға жағдай жасауды талап еттім. Ал бүгін ұзын сонар кезекке куә болып отырмын. Сонда жергілікті органға жұмыс істеу үшін үкіметтің қаулысы керек пе? Жоқ, бұл толығымен бас дәрігердің міндеті. Халықтың алдында ыңғайсызданып тұрмын, кезекте тұрған әрбір азаматтан кешірім сұраймын, -деді министр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 16:00

Бір сағатқа жуық уақыт министр халықтың сұрақтарына жауап беріп, шұғыл туындаған мәселелерді шешуге тырысты. Осы уақыт аралығында ауруханаға мекеменің басшылығынан бастап, қызметкерлердің барлығы тартылды.

5 маусым күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Талғар қаласының орталық аудандық ауруханасының басшылығымен кездесті, онда менингитпен ауырған бірнеше науқас қайтыс болды. Министрдің айтуынша, кейбір дәрігерлер менингит айналасында қалыптасқан жағдай туралы білмейді. Біртанов әсіресе пациенттермен жұмыс істеудегі нашар қызмет көрсетуді тілге тиек етті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 16:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: