Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде өзін-өзі жарып жіберген ер адам қайтыс болды

Ер адам оқиғадан кейін ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.

Сурет : mama.ua7 Маусым 2018, 15:45

Өз-өзін жарып жіберген 48 жастағы ақтөбеліктің денесінде жарақат көп. Оның өмірін құтқару үшін үш бригада жұмыс жасаған, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Ер адам оқиғадан кейін ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Қанша тырысса да, оны Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері аман алып қала алмады.

«Юрий Скипко кеше күндізгі сағат 12-ден 45 минут кеткенде облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ауыр жарақат алған. Аяқ-қолында жарықшақ қалдықтары бар. Науқас жеткізілгенде травматологиялық шок жағдайында болды. Сағат 13.15-те ауруханада шұғыл ота басталды. Оған травматолог-хирург, тамырлы-хирург дәрігерлері мен жалпы профиль хирургы бар үш бригада қатысты. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаты көп. Өкінішке қарай, науқас кешкі 20 сағат 40 минутта қайтыс болды» - деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамбетжанова.

Өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған ақтөбелік туралы бұған дейін де хабарлаған едік. Марқұм 312 атқыштар дивизиясының құрамындағы жеке "ОПС секьюрити" күзет мекемесінің қызметкері болуы мүмкін.

Мекеме басшылары қазір орындарында жоқ. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы 1-бөлігімен «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталған.

Әсел Абат


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер