Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада автобуста ер адам қайтыс болды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2018 20:41 Baq.kz
Ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған.

Бүгін елордадағы №307 автобуста жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Егде жастағы ер адам автобусқа Қоянды ауылындағы соңғы аялдамада отырған. Жүргізуші енді автобусты қозғалта бергенде жолаушылардың бірі ер адамның жағдайы нашарлап кеткенін айтып, айғайлаған. Жүргізуші тоқтап, оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге тырысады.

«Жолаушылардың арасында медициналық білімі бар жолаушы болған. Ол ер адамды тез ауруханаға апармаса, қайтыс болып кететінін айтады. Жүргізуші бірден ауруханаға жол тартып, 3 минутта жетеді. Бірақ кеш болады. Алдын ала деректерге сүйенсек, ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Өлімнің себебі анықталуда. Қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді Астана LRT баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Еске сала кетейік, 24 қаңтар күні №48 маршрутта әйел адам қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: