Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде қаңғыбастар жаппай туберкулезге тексеріліп жатыр

Тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтардың бесіншісі құрт ауруына шалдыққан.

Сурет : Baq.kz7 Маусым 2018, 16:28

Ақтөбеде тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар күшпен бейімдеу орталығына әкелінуде, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін қаладағы бейімдеу орталығына ренгтен-аппаратымен жабдықталған көлік келген. Онда дәрігерлер кезекшілігін атқаруда.

Олардың айтуынша, тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтардың бесіншісі құрт ауруына шалдыққан.

«Олар медициналық тексерістен өтпейді, әрі оларды ешкім бақылаймайды. Сондықтан қаңғыбастарды осылай тексеруге мәжбүрміз», - дейді өмірде қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта бейімдеу орталығының директоры Сапарғали Дәулетов

Тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтарды қабылдайтын мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда шаһарда 200-ге жуық қаңғыбас бар.

Егер тексеріс барысында дәрігерлер олардан құрт ауруына шалдыққанын анықтаса, үй-күйі жоқ азаматтар туберкулез диспансеріне емделуге жіберіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер