Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да балабақша тәрбиешісінен туберкулез дерті анықталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2018 17:23 Сурет: zakon.kz
Тәрбиеші құрт ауруының жабық формасына шалдыққан.

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында балабақша тәрбиешісінен туберкулез дерті анықталды. Ол каңтар айында пневмония ауруынан емделген. Балабақша қызметкерлері жыл сайын арнайы медициналық тексеруден өтеді, «бұған дейін ешкімнен туберкулез анықталмады», - дейді мамандар. Ал, тәрбиеші құрт ауруының жабық формасына шалдыққан, деп жазады kaztrk.kz.

Соған қарамастан, балабақшадағы кішкентайлар арнайы медициналық тексеруден өтті.

Ғабит Тобатаев, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы: - Өкпесінде ісігі бар адам Зырян қаласындағы ауруханада ем алып жатыр. Бүгінгі күні ол кісінің ауруы айналасындағы адамдарға жұқпалы еместігі анықталды. Емін алып біткен жағдайда қайтадан толық тексеруден өтеді. Қазіргі кезде балалардың барлығы тексеруден өтті. Ауру бала анықталған жоқ. Ата-аналармен қосымша жұмыс істелді.

Айдана Дайырова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: