Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көлікке ағаш құлап, жүргізуші мерт бола жаздады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18 zakon.kz
Рөлдің оң жақта болғаны ер адамның өмірін сақтап қалды.

Жүріп бара жатқан көлікке құлаған ағаш жүргізушінің өмірін қиып кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Toyota Ipsum көлігі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Қожамқұлов көшесінің маңында көлікке ағаш құлаған. Оқиға желдің соғуының салдарынан болған.

Оқыс оқиға нәтижесінде жүргізуші бас жарақатын алған. Ағаш жолаушы отыратын жаққа құлағандықтан, жүргізушінің жолы болған. Жолаушы отыратын жақтың төбесі майысып, орындық сынып кеткен.

Абырой болғанда ер адам көлікте жалғыз болған. Жедел жәрдем жәбірленушіні ауруханаға жеткізді.

Анықталғандай, зардап шеккен жүргізуші әйелі мен қызын алып бара жатқан жедел жәрдемнің соңынан бара жатқан екен.

"Жедел жәрдемге де сымдар мен бұтақтар құлаған. Біз бірден көлікті тоқтаттық. Бастапқыда ештеңе түсінбей қалдық, сосын анамның айқайлаған даусы шықты, әкемнің көлігін ағаш басып қалыпты. Қорқынышты түс сияқты көрінді", - деді жәбірленушінің қызы.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналды қызмет жұмыс істеп, жолдағы бөгетті алып, үзіліп кеткен сымдарды қалпына келтірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:18

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: