Оралда ер адам басына мұз құлап қайтыс болды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2018 23:04 Baq.kz
Орта жастағы ер адамның басына ғимараттың шатырынан мұз құлады.

Қайғылы оқиға бүгін Орал қаласындағы Киров аялдамасының маңында болды. Ер адам бірден тіл қатпай қаза тапты, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Ғұмар Қараш көшесінде қайғылы жағдай болды. Орта жастағы ер адамның басына ғимараттың шатырынан мұз құлады. Ол бірден қайтыс болды. Осы уақытта жедел жәрдем бригадасы жақын маңда болып, екі минут ішінде келеді. Бірақ өкінішке қарай, дәрігерлер келгенде оның өлгенін анықтады», - деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: