Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдегі табысы ең көп спортшы анықталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:51 Baq.kz
41 жастағы спортшы өткен жылы 285 млн доллар табыс тапқан.

Forbes рейтингіне сәйкес, америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезер әлемдегі ең көп гонорар төленетін спортшылар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Baq.kz.

41 жастағы спортшы өткен жылы 285 млн доллар табыс тапқан.

Былғары қолғап шеберінен кейінгі орында испаниялық «Барселона» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси тұр. Оның табысы 2017 жылы 111 млн долларға жеткен. Ол өткен жылы да екінші орыннан көрінген еді. Ол кезде табысы 81,4 млн доллар болған.

Алғашқы үштікті де ала доптың алғыры түйіндеген екен. Ол - мадридтік «Реалдың» португалдық футболшысы Криштиану Роналду. Роналду өткен жылы осы рейтингте көш бастаған болатын. Ол кезде Роналдудың табысы 88 млн долларға бағаланған. Осы маусымда португалдық 108 млн долларға қол жеткізсе де, көшбасшылығын сақтап қала алмады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: