Жаңалықтар тізбегі
0

Арқалықта заңсыз құжаттар талап еткен 7 мектеп тәртіптік жазаға тартылды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 18:23 Хабар 24
Арқалық қаласының 7 мектебінде балаларды оқуға қабылдау үшін ата-аналарының жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама сұратқан.

Арқалық қаласының 7 мектебінде балаларды оқуға қабылдау талаптары бойынша құқықбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекеттік қызмет стандартының қазіргі нормасы бойынша, балаларды оқуға қабылдау үшін ата-аналар мен олардың заңды өкілдерінен құжаттардың 4 түрі ғана сұратылады. Олар: оқуға қабылдау туралы өтініш, жеке куәлік, денсаулығы туралы анықтама, 3х4 форматындағы баланың фотосуреті (2 дана). Дегенмен Арқалық қаласының мектептері ата-аналардан басқа да құжаттарды, атап айтқанда, жұмыс орындарынан анықтаманы талап еткен.

«Арқалық қаласының 7 мектебінде балаларды оқуға қабылдау үшін ата-аналарының жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама сұратқан. Мұның сыртында мектеп қызметкерлері жеке құжаттар салатын жаңа папка, ата-аналарының неке туралы куәлігінің көшірмесін, балаға мінездеме мен мектепке дейінгі даярлық сыныбындағы жеке құжаттарын алдырып отырған. Оқушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Арқалық қаласы әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысына хат жолдады», – деді Аида Бажирова.

Бүгінде Арқалық қаласының мектептерінде мемлекеттік қызмет стандартының қазіргі нормасының сақталуы бойынша жиналыстар өтуде. Құқықбұзушылыққа жол берген қаладағы 7 мектеп тәртіптік жазаға тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: